Ең жақсы амал - жасырын жасалған ғибадат
Ең  жақсы амал - жасырын  жасалған ғибадат

Қазір жастардың басым бөлігі мешітке келеді. Тиісінше, мешіттегі жамағаттың жартысынан көбі – жастар. Мұндайды көрген кезде ерекше бір қуанышқа бөленесің. Іштей «Алла, осылардың ниетін қабыл ет!» деп дұға да тілеп үлгересің. Бірақ, кімнің не мақсатпен келгені сырт көзге біліне бермейді. Десе де, қазір әлеуметтік желі арқылы бәрінен хабардар болып отырамыз. Жасаған әрбір құлшылықтарын суретке түсіріп элеуметтік желіге (фб, вк, instagram, twitter т.б.) салушылардың бұл әрекеті кейде маған рия болып көрінеді. «Амалдардың ең жақсысы – жасырын жасалған ғибадат» Осы сөзге біз қаншалықты лайық болып жүрміз деген сұрақ мазалайды.

Хазреті Имам Ғазали сараңдық, көре алмаушылық және рияны күнәлардың үлкені деген.

Намаз, ораза, садақа беру сынды игі істерді, жақсы амалдарды адамдар ұнатсын, көрсін, мақтасын деген мақсатта жасау рияға жатқызылады. Бұл әрекет кіші шірік болып есептеледі екен.

Әжем «рия жасау адамды абыройынан да, сауабынан да айырады» деп отыратын. Расымен, рия жасау бізге жамандығын көрсетпесе, жақсы әсерін тигізбесі анық. Сондақтан, бауырларым, қасиетті айда (тек қана бұл айда емес) рия жасауды тоқтатайықшы. Білемін, бәріміз пендеміз, нәпсіміз бар. Өзімді риядан ада, жүрегі тап-таза адаммын деп айтпаймын. Білместен жасап, кейін өкініп отыратын кездеріміз бар. Сонда да, осы айда рияны азайтсақ келесі айда да осы ісіміз әдетке айналады деп ойлаймын. Риясыз  жасалған амалдарымыз  көп  және  қабыл болсын ;)

Есіл еркесіЕсіл еркесі
9 лет назад 5708
8 комментариев
  • амин
    9 лет назад
  • Иә, дұрыс айтасыз. Сізге қосылам )
    9 лет назад
  • Иа, ауызды мына тамақтармен ашқалы жатырмын, мына тамақтармен жапқалы жатырмын деп жариялап отыратындарды, басқа да жасаған құлшылықтарын сурет, жазба арқылы көріп отырамыз әл. желілерден. Бәлки, біреу ғибрат алсын, бiреуге мотивация болсын деп жасайтын болуы керек...Кейде бiрнәрсе жазып жiбересiн де, әй, осы менiкi рия болып жатқан жоқ па деп ойланып қалатының бар...Алла құлшылықтарымызды риясыз етсін!
    9 лет назад
  • тәжірибе бөлісу деген бар, көмектесу деген бар, бәрі ниетке байланысты ғой
    9 лет назад
    • Дұрыс айтасыз, Амалдар ниетке байланысты. Біз кімнің не мақсатпен жасап жатқанын білмейміз ғой. Бірақ, айналаңдағы достарың, таныстарың көз алдыңда рия жасап жатса қатты қынжылады екенсің.
      9 лет назад
  • Оразаны ерекше ғибадат деп бөлгендігі де оның риясыз жасалынатыны үшін болған еді. Адам өзі айтып, жариялап қоймаса, оның түріне, іс-әрекетіне қарап ораза екені аңғарылмайды ғой. Бірақ қазір адамдар басқа біреу үшін ұстап жүргендей жарияға жар салатын болды оны да.
    9 лет назад
  • Пендеміз ғой, пендешілігіміз тасып кетеді та...
    Бірақ Алла сүйген құлын тәубесіне түсіреді.
    9 лет назад
О блоге