Ең жақсы амал - жасырын жасалған ғибадат
Қазір жастардың басым бөлігі мешітке келеді. Тиісінше, мешіттегі жамағаттың жартысынан көбі – жастар. Мұндайды көрген кезде ерекше бір қуанышқа бөленесің. Іштей «Алла, осылардың ниетін қабыл ет!» деп дұға да тілеп үлгересің. Бірақ, кімнің не мақсатпен келгені сырт көзге біліне бермейді. Десе де, қазір әлеуметтік желі арқылы бәрінен хабардар болып отырамыз. Жасаған әрбір құлшылықтарын суретке түсіріп элеуметтік желіге (фб, вк, instagram, twitter т.б.) салушылардың бұл әрекеті кейде маған рия болып көрінеді. «Амалдардың ең жақсысы – жасырын жасалған ғибадат»...