Не ексең, соны орасың!
Не ексең, соны  орасың!

Ата-ананы құрметтеу – перзенттің парызы. Ата-ананың міндеті – перзенттің құрметіне лайық болу. Бұлай деуімнің себебі, қазір көп ата-ана тіршілік қамы деп, жұмысбасты болғандықтан бала тәрбиесі екінші орынға ысырылып қалған сияқты. Күні бойы ата-анасы жұмыста, баласы бақшада, мектепте немесе универде. Кешкі шайда бір-ақ жиналып, көрісетін отбасылар да аз емес. Меніңше, қазір баланың ата-анаға деген құрметі төмендеп, ата-ананың балаға деген немқұрайлылығы өршіп тұр. Баланың  психологиясына кері  әсерін тигізіп, ата-анаға деген  құрметтің  азаюына  төмендегілер әсер ететін сияқты: 

  • Ата-анасы балаға немқұрайлы қарау

Бесікке  дұрыс  бөлемеу, уақытылы емсізбеу\тамақтандырмау, сабағын  қадағаламау, не киіп\ішіп  жүргендігіне  мән  бермеу;
 
  • Себепсіз жекіп, ұрыса беру

Иә,  қазір бәрі  нервный. Сіркелері су көтермей  тұрады. Бірақ,  бұған баланың  қатысы қанша? Баланың да болашақта  сіз сияқты нервный  болғанын  қалайсыз ба?
  • Баламен ашық, еркін сөйлеспеу

Қазақты "ұят болады"  деген  сөз құртады. Рас айтамын. Мысалы, қыз тек құрбысымен ғана ашық сөйлесу керек. Анасына  айтуға  ұялатын\болмайтын  құпиясы  болады. Бірақ, ата-анадан ештеңе  жасырмау керек қой. Сол  үшін  бала ата-ана  алдында  үрей\қорқынышты  ұмытуы тиіс. Тек сыйластық қана болғанға не жетсін?  
  • Баланың пікірін тыңдамау. «Менің айтқанымды орындау КЕРЕКсің!» деген ұғымда болу

Кейбір ата-аналар бала пікірі тұрмақ,  өзін  игнорға салып тастайды. Бала  үшін шешім қабылдап,  баланы  өзінің тікелей  бұйрығымен отырғызып, тұрғызады.  Бұл  қазір  жақсы болғанымен, ертең баланың жеке  өмірін қалыптастыратын кезде  қиындыққа алып келеді деп ойлаймын. 
  • «Мен сені бағып отырмын!» деген сөздің көп айтылуы

Бала не үшін туылды? Осындай мағынадағы  сөзді естіген бала "ертен мен де  қаражат тапсам,  дәл осылай жасаймын"  деп  қырсығып қалуы да  мүмкін. Ата-ана баласын  баққаны үшін міндетсінбеуі керек қой. 

Қазір ата-ана мен  бала арасындағы  түрлі келіспеушіліктерге  осылардың  да әсері бар деп ойлаймын. Кішкентай кезінде ата-анасының ұрысқанын көп көрген балада өскенде оның психологиясы басқаша қалыптасады. «Мені неге туды екен?» «Мен мына үйде артықпын» деген ойлар бала миына еніп алады да, біркүні «бұлай айғайласа бергенше, неге ажыраса салмайсыңдар?» деп бала да айғайға басуы мүмкін.  Бізде "не ексең, соны орасың"  деген сөз бар ғой. Сондықтан, бала тәртіпті болуы үшін ең алдымен өзімізді тәрбиелегеніміз абзал.

Фейсбук әлеуметтік желісінде Аңсаған Мұстафаның мына суретін көріп, ұялып кеттім. Мен шынымен мұндай адамдарды білемін. Бірақ, айтуға ұяламын. «Өй, тип-титтай боп алып, саған не жоқ?» деп көкірегімнен итеретін сияқты болып тұрады. Сосын көрсем де көрмегендей күй танытамын. "Тәрбие - тал бесіктен" демей ме? Бесіктегі баланың  тәрбиесі осы  болып тұр.  Сіз осы суреттен не түйдіңіз?

Жазбаға  тұздық ретінде осы  жазба, арқау  болған постты  оқып алсаңыз, артық етпес.

P.S. Менің  бұлай  жазғаным - ата-анамды  құрметтемейді дегенді білдірмейді. Мені осы күнге жеткізіп,  дәл осылай тәрбие бергені  үшін оларға  мәңгілік  қарыздармын. 

тәрбие, бала, отбасы, ата-ана, қоғам
Есіл еркесіЕсіл еркесі
9 жыл бұрын 10023
1 пікір
Блог туралы