Қазір жастардың басым бөлігі мешітке келеді. Тиісінше, мешіттегі жамағаттың жартысынан көбі – жастар. Мұндайды көрген кезде ерекше бір қуанышқа бөленесің. Іштей «Алла, осылардың ниетін қабыл ет!» деп дұға да тілеп үлгересің. Бірақ, кімнің не мақсатпен келгені сырт көзге біліне бермейді. Десе де, қазір әлеуметтік желі арқылы бәрінен хабардар болып отырамыз. Жасаған әрбір құлшылықтарын суретке түсіріп элеуметтік желіге (фб, вк, instagram, twitter т.б.) салушылардың бұл әрекеті кейде маған рия болып көрінеді. «Амалдардың ең жақсысы – жасырын жасалған ғибадат» Осы сөзге біз қаншалықты лайық болып жүрміз деген сұрақ мазалайды.
Хазреті Имам Ғазали сараңдық, көре алмаушылық және рияны күнәлардың үлкені деген.
Намаз, ораза, садақа беру сынды игі істерді, жақсы амалдарды адамдар ұнатсын, көрсін, мақтасын деген мақсатта жасау рияға жатқызылады. Бұл әрекет кіші шірік болып есептеледі екен.
Әжем «рия жасау адамды абыройынан да, сауабынан да айырады» деп отыратын. Расымен, рия жасау бізге жамандығын көрсетпесе, жақсы әсерін тигізбесі анық. Сондақтан, бауырларым, қасиетті айда (тек қана бұл айда емес) рия жасауды тоқтатайықшы. Білемін, бәріміз пендеміз, нәпсіміз бар. Өзімді риядан ада, жүрегі тап-таза адаммын деп айтпаймын. Білместен жасап, кейін өкініп отыратын кездеріміз бар. Сонда да, осы айда рияны азайтсақ келесі айда да осы ісіміз әдетке айналады деп ойлаймын. Риясыз жасалған амалдарымыз көп және қабыл болсын ;)
Бірақ Алла сүйген құлын тәубесіне түсіреді.